«Мемлекеттік қызмет алушылардың толық ақпараттандыру деңгейін және заңдылық мәдениетін жоғарылату» тақырыбындағы дөңгелек үстел

«Мемлекеттік қызмет алушылардың толық ақпараттандыру деңгейін және заңдылық мәдениетін жоғарылату» тақырыбындағы дөңгелек үстел

2016 жылдың 17 қарашасында  Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінде «Мемлекеттікқызмет алушылардың толық ақпараттандыру деңгейін және заңдылық мәдениетін жоғарылату» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шараға «Ұлттық ақпараттық технологиялар»АҚ Атырау облыстық ақпараттық технологиялар орталығы мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясының  Атырау облысы бойынша басшылары және мамандары, сонымен қатар  мемлекеттік қызметті тікелей алушылар және  Департамент қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты Департаменттің  «Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша қызметі тиімділігінің көрсеткіштерін жақсарту жөнініндегі 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру,сондай-ақ халық арасында «электрондық үкімет» порталы және «электрондық лицензиялау» порталы арқылы мемлекеттік электрондық қызметтерді, яғни Департаментте көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді, атап айтқанда  «Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу» және «Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсаттар беру» қызметтерін алуды көпшілікке тарату.

Департаменттің басшысы Абулхаиров Арман Мирасович кіріспе сөз сөйлеп дөгелек үстелді ашты. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясының  Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау бөлімінің басшысы  Рыскалиев Рауан Жанибекович «Мемлекеттік қызметті электронды түрде алу жолдары»  тақырыбында және «Ұлттық ақпараттық технологиялар»АҚ Атырау облыстық ақпараттық технологиялар орталығының маманы Қожанова Айдана Амангелдіқызы ««Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметті алу жолдары» тақырыбында баяндама оқыды.

Сонымен қатар, әкімшілік қаржылық жұмыс бөлімінің бас маманы  Сарбалина Сауле Тлектесовна «Департаменттің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы көрсетілген мемлекеттік қызметтері туралы» тақырыбында, Департаменттің мұнай-газ өндіру өнеркәсібін, геология және жарылғыш заттарды мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы  Уналова Ирина Владимировна «Жарылыс жұмыстарына рұқсат алу жолдары» тақырыбында және  Департаменттің қазандықтар, газ шаруашылығы объектілерін және көтергіш құрылыстарды мемлекеттік қадағалау бөлімінің басшысы Айбатыров Алибек Сабитович «Елді мекендерді газбен қамтамасыз ету жобасын келісу туралы» тақырыбында баяндама оқыды. 

Дөңгелек үстел барысында тиісті бағыт бойынша қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.