ҚР ИДМ ИД және ӨҚК ОҚО бойынша департаментінде 2016 жылдың 17 қарашасында сағат 16-00-де облыстағы мұнай өнімдерін сақтау қоймаларының өкілдерімен техникалық кеңес өткізілді.
Техникалық кеңесте Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қарасу а/о орналасқан «Мұнай БК»ЖШС-ның жанар-жағармай материалдары базасында 2016 жылдың 4 тамызында орын алған аварияның тексеру нәтижесі бойынша департаменттің бөлім басшысы Н.Искаковтың баяндамасы және мұнай өнімдерін сақтау қоймаларының өкілдерінің қысқаша баяндамалары тындалып пікір талас жүрізілді.
Кеңесті қортындылай келе департамент басшысы кеңеске шақырылған кәсіпорын өкілдеріне қарамағындағы мұнай өнімдерін сақтау қоймаларында авариялық жағдайлар болдырмау туралы нұсқамалар айтып, өнеркәсіптік қауіпсіздік салаларындағы заң талаптарын қатаң түрде сақтау керектігін ескертіп айтты.
