«ҚазГерМұнай БК» ЖШС-ы нысандарына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша 2016 жылдың 05 қазанынан бастап 15 қарашасына дейін ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізілді

«ҚазГерМұнай БК» ЖШС-ы нысандарына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша 2016 жылдың 05 қазанынан бастап 15 қарашасына дейін ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізілді

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетімен 2016 жылдың жартыжылдық тексеру кестесіне сәйкес, «ҚазГерМұнай БК» ЖШС-ы нысандарына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша 2016 жылдың 05 қазанынан бастап 15 қарашасына дейін ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізілді.

«Ақшабұлақ», «Нұралы», «Ақсай» кен орындарының қауіпті өндірістік жағдайы тексерілді.  

Тексеру барысында ҚР «Азаматтық қорғау туралы» Заңы,«Мұнай және газ өнеркәсібі салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» бойынша бұзушылық анықталды. Тексеру қортындысы бойынша «ҚазГерМұнай БК» ЖШС-на заңды тұлға ретінде жалпы соммасы 212 100 теңгені 100 АЕК құрайтын айыппұл салынды.