
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінде «2015-2025 жылдарға арналған «Нұр Отан» партиясының сыйбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасы» тақырыбында кәсіби оқу өткізілді.
«2015-2025 жылдарға арналған «Нұр Отан» партиясының сыйбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасы» тақырыбында салааралық қадағалау, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы А.М.Жұмаділов баяндама оқыды.
Талқылау барсында бағдарламаның сыбайлас жомқорлыққа қарсы іс- шаралары, негізгі мақсаттары мен міндеттері, принциптері, бағдарламалары жайлы сөз қозғалды.
Инспекторлық құрамның тарапынан құқық бұзушылықты болдыртпау мақсатында және Департаментте өнеркәсіптік қауіпсіздік дәрежесін көтеру мақсатында кеклесі іс-шаралар жүргізілуде;
- жас мамандардың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
- мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру;
- мем. қызметкерлердің ашықтығын және есеп берушілігін арттыру;
- жемқорлықтың пайда болу алғы шарттарын азайту бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізу.