
Бүгін «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ мен Неміс энергетика агенттігі Dena (бұдан әрі - Dena) ұйымдастыруымен «Қазақстандағы ЭСКО нарығын дамыту бойынша энергетикалық симпозиум» тақырыбында қорытынды семинар өтті. Жиынға Германия мен Ресейден келген сарапшылар қатысты.
Семинардың мақсаты ЭСКО энергия тиімділігі мен энергия үнемдеу саласындағы жетекші еуропалық компаниялардың тәжірибесін қарастыру және іске асыру.
Жиында сөз алған Dena халықаралық ынтымақтастық жөніндегі директоры Наргис Вик Қазақстанда энергия сервистік нарықты дамыту бойынша ұсыныстарды талдау және дамытуға бағытталған институтпен берік ынтымақтастық орнағанын айтты. Осы ынтымақтастық аясында сарапшылар кездесуі ұйымдастырылды және институттың 2 маманы Dena-да (Берлин қаласында) дайындықтан өтті.
Бірінші сессияны ҚР ИДМ-нің Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру басқармасының басшысы Олжас Әлібеков ашты. Ол министрлік өзі отырған «Транспорт Тауэр» ғимаратын жарықтандыруды жаңғырту жобасын іске асырып жатқанын айтты.
Бұл болашақта мемлекеттік секторда энергетикалық жобаларды дамыту үшін үлгі болатын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмін пайдаланатын энергия сервистік келісім-шарт негізіндегі алғашқы жоба.
Семинарда Институт өкілі, Сараптама, басқару және жобалардың мониторингі орталығының директоры Алмат Қабыкенов сөз сөйлеп, институт миссиясын, МЖӘ тетігін және Энергия тиімділігі картасы туралы айтып берді.
Dena жобасының жетекшісі Др. Карстен Линдлофф «Энергосервис: Германияда қалай жасалады» деген тақырыпта сөз сөйлеп, Германияның ЭСКО нарығы Еуропалық қоғамдастықтағы энергетикалық қызметтердің ең дамыған саласы екенін атап өтті. Бүгінде жыл сайынғы айналымы € 3-4 млрд, ал нарықтың өсуі 5-10% құрайды.
«Айти Энергофинанс» Бас директоры П. Сотуленко Ресейде ауқымды энергия сервистік жобаларды жүзеге асырудағы қызықты тәжірибесімен бөлісіп, энергетикалық қызметтерді дамытудағы 5 өзекті мәселеге тоқталды. Атап айтқанда: келісім-шарт мерзімі, қала бюджеті, бақылау мен жарықтандыру ережелері және жарықты реттеу.
Семинар соңында Қазақстанда ЭСКО нарығын дамыту жөніндегі барлық қатысушылардың нақты ұсыныстары жинақталған қарар әзірлеу туралы шешім қабылданды.
