«РУ-6» ЖШС өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына кешенді тексеру жұмыстарын аяқтады

«РУ-6» ЖШС өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына кешенді тексеру жұмыстарын аяқтады

ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (әрі қарай – Комитет) 2016 жылдың 18 қазаныңда Қазақстан Республикасының Қызылорда облысында орналасқан «РУ-6» ЖШС өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына кешенді тексеру жұмыстарын аяқтады.

№6 кеніш басқармасы 1983 жылдың 1 қаңтарында Орта машина жасау министрінің бұйрығымен Ленинабад тау-кен химия комбинатының құрамында құрылды.

Бүгінгі таңда «РУ-6» ЖШС-нің негізгі акционері болып 100% жарғылық  үлесімен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ саналады.

«РУ-6» ЖШС Солтүстік және Оңтүстік «Қарамұрын» уран кеніштерін жерасты ұңғымалап шаймалау тәсілімен жүргізеді. Бұл кеніштер 500 – 700 метр тереңдікте, горизонттың жоғарғы қыртысында оқшауланған. 

Кеніш:

1) ұңғыма полигоны – 1 геотехнологиялық алаң учаскесі (ГТАУ-1) мен сорбциялық кеніші бар ӨЕӨЦ 2 геотехнологиялық алаң учаскесі (ГТАУ-1);

2) өңімді ерітіндіні өңдеу учаскесі (ӨЕӨУ);

3) жөңдеу - қалпына келтіру жұмыстар учаскесі (ЖҚКЖУ);

4) өңдірісті автоматтандыру мен басқару учаскесі (ӨАБУ);

5) технологиялық қалдықтарды уақытша сақтау учаскесі (ТҚУСУ);

6) көмекші учаскесі – көлік учаскесінен (КУ) тұрады.

Тексеру барысында Комитет пен аумақтық департаменттын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспекторларымен өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 23 бұзушылықтарын аңықтап, 4 әкімшілік істер қозғалды. Ең күрделі бұзушылықтар болып күкірт қышқылын сақтау резервуар поддондарының химиялық қорғанысы мен фундаменттер бұзылуы болып саналады.

Аңықталған бұзушылықтардың орындалуын бақылау Комитеттің Қызылорда облысы бойынша департаментіне жүктелді.