
Ағымдағы жылда «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ (бұдан әрі – Департамент) өсімдік шикізатын қайта өңдеу объектілерінде ерекше тәртіп бойынша 29 тексеру өткізілді, тексерулер қортындысы бойынша 313 бұзушылық анықталды, оған 1160 АЕК/ 2 460 360 мөлшерінде 29 әкімшілік айыппұл салынды.
Департамент инспекторларымен элеваторлардың өндірістік ғимараттарының көбісі 1950-60 жылдары құрылғаны байқалды. Осы кәсіпорындардың басшыларымен құрылғылар мен ғимараттарда жөндеу жұмыстарын өткізіп тұрады, алайда Департамент инспекторларымен «Карагайлинский элеватор» ЖШС (кептіру-тазалау мұнара) КТМ ғимаратының апатты жағдайда тұрғанына байланысты пайдалануды тоқтату туралы сотқа талап арыз берілді. Сот КТМ ғимратын пайдалануын тоқтату туралы шешім шығарды.
Одан басқа, өсімдік шикізатын қайта өңдеу объектілерінде 9 жоспардан тыс тексеру өткізілді (бұрын берілген нұсқаманың орындалуын қадағалау), қортындылар бойынша «Денисовское» ЖШС 6 тармақтары орындалмағаны анықталды. Департамент инспекторларымен осы кәсіпорынға қатысты әкімшілік ісі Денисов аудандық сотына жіберілді. Сот шешімі бойынша «Денисовское» ЖШС 3 күнге қызметі тоқтатылды және 200АЕК/ 424 200 теңге мөлшерінде әкімшілік айппұл салынды.