
ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің алаңында министр Ж. М. Қасымбектің төрағалығымен басшылығымен 2016 жылғы 24 қарашада Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Мемлекеттік органдардан инвестициялар және даму бірінші вице-министрі А.П. Рау, қаржы вице-министрі А.М. Теңгебаев, сыртқы істер министрінің орынбасары Е.Н. Ашықбаев, қорғаныс министрінің орынбасары Т.Ж. Жанжүменов, білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асылова, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цой, ауыл шаруашылығы вице-министрі Г.С. Исаева, ҰҚК төраға орынбасары Д.Е. Ергожин қатысты.
Күн Тәртібіне сәйкес ұлттық қауіпсіздікті, халықаралық ынтымақтастықты нығайту, экспорттық бақылаудың ұлттық жүйесін дамыту және т. б. жөніндегі мәселелер қарастырылды.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.
Комиссияның қызметі «Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы № 1917 қаулысымен (бұдан әрі - Қаулы) регламенттелгенін атап өткен жөн.
Қаулыға сәйкес Комиссия экспорттық бақылау саласындағы екiұдай және әскери мақсаттағы тауарлар мен технологияларға қатысты ұсыныстарды әзірлейтін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.