Сыбайлас жемқорлыққа соқтыратын құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту тақырыбында «Дөңгелек үстел» өткізу бойынша пресс-релиз

Сыбайлас жемқорлыққа соқтыратын құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту тақырыбында «Дөңгелек үстел» өткізу бойынша пресс-релиз

ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің ОҚО бойынша департаментінде 2016 жылдың 25 қарашасында сыбайлас жемқорлыққа соқтыратын құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту мақсатында бірлескен «дөңгелек үстел» өткізілді. 

«Дөңгелек үстел» отырысына Шымкент қаласы прокуратурасының, ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ОҚО бойынша басқармасының, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің, ОҚО бойынша Кәсіпкерлер палатасының және «Нұр Отан» партиясының ОҚОФ ресми өкілдері қатысты.

Әкімшілік-қаржылық жұмыс бөлімінің басшысы Ш. Нурматова «Сыбайлас жемқорлыққа соқтыратын құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту» тақырыбында баяндама оқыды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаменті өкілі тақырыптық видеоматериалдар ұсынды. Баяндамадан кейін мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу амалдары бойынша белсенді жан-жақты талқыланды.