
ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің 2016 жылға арналған жұмыс жоспарына және «Ядролық физика институты» РМК авариялық жаттығу шараларын өткізу жөніңдегі 2016 жылдың 22 қарашасындағы хабарламасына сәйкес, үстіміздегі жылдың 29 қарашасында ҚР ИДМ ИДӨҚК мен ҚР ИДМ ИДӨҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің өкілдерінің қатысуымен оқу-жаттығу өткізілді.
Оқу-жаттығу Ядролық физика институтының ЭЛВ-4 ғимаратында «ИСК (иондаушы сәулелену көздері) түйеу кезіңде радиациялық аварияны жою» позициясы бойынша оқу-жаттығу өткізіліп, персоналдың, радиациялық қауіпсіздік бөлім қызметкерлерінің, транспорттық бөлім мен ЭЛВ-4 қызметкерлерінің әрекеті тексерілді.
Өткізілген оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша акт жасалды.
