
Ағымдағы жылғы 29 қарашада Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Үкіметі, БҰҰ Даму бағдарламасы және Ғаламдық экологиялық қордың «Төмен көміртекті даму үшін тұрақты қалалар» бірлескен жобасын іске асыру шеңберінде «Қалалық энергия тиімді жобаларға инвестицияларды ынталандыру» семинар-мәжілісі өткізілді.
Осы іс-шара халықаралық танылған энергия қызметін көрсету шарттарының тетігі арқылы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы стратегиялық инвесторларды тарту бойынша «Бес институционалдық реформаны іске асыру үшін 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 59-қадамымен қойылған, соның ішінде Энергия тиімділігі қорының тұжырымдамасын әзірлеу бойынша міндетті іске асыруда ұйымдастырылған.
Осы семинарда энергия тиімді жобаларды қолдаудың қаржылық тетіктерін құру мәселелері талқыланды: энергия сервистік компаниялармен жүзеге асырылатын пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, жобаларға ішінара кепілдік беру. Осы тетіктерді «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде ұқсас құралдарды іске асыратын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы апробациялау жоспарлануда.
Семинарда Комитеттің Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру басқармасының басшысы О.Ә. Әлібеков, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Д.М:Әбілқайыров, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілінің орынбасары М.Алтангерел, екінші деңгейдегі банктердің және энергия сервистік компаниялардың өкілдері қатысты.
Одан әрі энергия тиімді жобаларды іске асыруда қаржылық қолдауды көрсетудің толық алгоритмі, мүдделі тараптардың әрқайсысының міндеттері және құқықтары, энергия тиімді жобаларды іріктеудің өлшемшарттары және рәсімдері, техникалық қолдау көрсету мәселелері, жобалардың мониторингің әзірлеу жоспарлануда.
