
2016 жылғы 30 қарашада өнеркәсіп кәсіпорындарының өткізізілген энергия аудиттері қорытындысы бойынша кезекті мәжіліс өтті.
«Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС-да «Эксилон Энерджи» ЖШС және «Нефтехим ЛТД Компаниясы» ЖШС-да «КазПромБезопасность ПВ» ЖШС энергия аудиторлық компаниялар тыңдалды.
Жиналыс қорытындысы бойынша энергия аудиторлық компанияларға ұсыным сипатындағы ескертулер берілді және «Энергия үнемдеу және энергия тиімділілігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС-мен энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ерікті келісімді жасау ұсынылды.