«Амангелді газ» ЖШС-і нысандарына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізілді

«Амангелді газ» ЖШС-і нысандарына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізілді

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен 2016 жылдың жартыжылдық тексеру кестесіне сәйкес, «Амангелді газ» ЖШС-і нысандарына ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізіліп, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында 17 бұзушылықтар анықталды. Сонымен қатар, жұмыс жүргізіліп жатқан «Амангелді газ» кен орнында 33 ұңғыманың 12-нде сақиналы қысым (МКД – межколонное давление) бар екенін атап өткен жөн. «Клинал» ЖШС-і сақиналы қысымды (МКД) жою жұмыстарын жүргізуде.

Амангелді кен орны Жамбыл облысы аумағындағы Мойынқұм және Талас ауданында, Тараз қаласының солтүстігіне қарай 190 км қашықтықта орналасқан. Амангелді кен орны 2008 жылдың 1 қазанынан тәжірибелік-өндірістік пайдалануға берілді, ал 2003 жылдың 23 қазанынан бастап өндірістік пайдалануға берілді. 2016 жылы 33 ұңғыма бар.

2000 жылдың 12 желтоқсандағы № 611 келісім-шарт бойынша (толықтырулар № 1-9) «Амангелді Газ» ЖШС-і Амангелді, Айрақты, Анабай, Жарқұм, Құмырлы, Үшарал – Солтүстік Үшарал, Кемпіртөбе кен орындарында және Бархан – Сұлтанқұдық, Құмырлы – Қосқұдық аумақтарында көмірсутегі шикізатын барлау және өндірумен айналысады.

Келісім-шарт ұзақтығы – 31 жыл, оның ішінде 2001 жылдан бастап 2018 жылға дейін геологиялық барлау кезеңі, 2003 жылдан бастап 2031 жылға дейін өндіріс кезеңі.