
2016 жылдың 05 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің бас маманы А.С.Алибековтың және «Нұр Отан» партиясы қоғамдық кеңесінің жауапты хатшысы Ш.Ш.Кенжебаевтың қатысуымен Департаменттің 2015-2017 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспарларын жүзеге асыру, сондай-ақ Департаменттің мелекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Жемқорлық індет–жою міндет» тақырыбы бойынша семинар-жиналыс өткізіліп, видео роликтер көрсетілді.
Жиналыс барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің бас маманы А.С.Алибековқа және «Нұр Отан» партиясы қоғамдық кеңесінің жауапты хатшысы Ш.Ш.Кенжебаевқа Департамент қызметкерлері сұрақтар қойып, тиісті бағыт бойынша қойылған сұрақтарға тиянақты жауаптар қайтарылды.
