"Дөңгелек үстел" өткізілді

"Дөңгелек үстел" өткізілді

ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің 2016 жылғы 2 қарашадағы хаттамалық тапсырмасының 4 тармақшасына сәйкес, ағымдағы жылғы 9 желтоқсанда ҚР ИДМ ИДОҚ Алматы облысы бойынша департаментінің мамандарымен бақылаудағы 23 кәсіпорындар қатысуымен "дөңгелек үстел" өткізілді. Іс-шара жүргізу барысында жеке кәсіпкерлік субъектілеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қолданып жүрген заңдардың нормалары және қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою есептен алу, оның ішінде Алматы облысы бойынша барлық аумағындағы қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар мен жүк көтергіш құрылғылар рұқсат тәртібі түсіндірілді.

Департамент мамандарымен қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын жауапты тұлғаларға қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар мен жүк көтергіш құрылғыларды есепке қою және есептен алу жөніндегі басшылыққа алу ережелердің нормалары түсіндірілді. «Дөңгелек үстел» жүргізу барысында қауіпті техникалық құрылғыларды тіркеуге қою және тіркеуден алып тастау проблемалар сұрақтар талқыланды.