
«Химфарм» АҚ антибиотик ұнтақтарын шығаратын жаңа цехты іске қосқаны үшін «Алтын Сапа» конкурсының «Ең үздік инновациялық жоба» номинациясында гран-при иегері атанды. Бас жеңімпаздарға дипломдар мен мүсіншелерді Мемлекет Басшысы табыстады.
«Химфарм» АҚ-ның жаңа цехы қазіргі заманғы GMP стандарттарына сәйкес келеді. Өндіріс алаңында тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде денсаулық сақтау жүйесіндегі қажеттіліктерді қамтамасыз етуге арналған антибиотик ұнтақтары шығарылады.
«Химфарм» АҚ-ның антибиотик ұнтақтарын шығару бойынша цехы әлемдегі жетекші өндірушілердің заманауи құралдарымен жабдықталған. Өндірістік қуаттылығы цефалоспорин қатарындағы, сондай ақ пенема и мицина антибиотиктерін қосқанда, жылына 40 млн құтыға дейін антибиотик шығаруға мүмкіндік береді. Жобаның құны 11 млн. АҚШ долларын құрады.
Компания инновациялық өндірістерді іске қосумен импорт алмастыру үлесін арттыра отырып, Қазақстан Республикасының ішкі нарығын өмірлік маңызды дәрілік құралдармен қамтамасыз етуге, сондай-ақ ТМД елдеріне экспорттық сатылым көлемін арттыруға ниетті.
Қазіргі таңда «Химфарм» АҚ стирилді емес тұнбалар мен шәрбаттардан күрделі инфузиялық дәрі-дәрмектерге дейінгі өнімдердің кең түрлерін шығара отырып, отандық дәрі-дәрмек өндірісінің 50 % қамтамасыз етіп отыр.
