
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департамент (бұдан әрі – Департамент) жоспарының 5 тармағын орындау бойынша, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнаманы түсіндіру және Алматы қ. жеке кәсіпкерлік субъектілерінеәкімшілік кедергілерді азайту мақсатында, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бас маманы Г. Мамажанованың қатысуымен, Департаментте «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнаманы түсіндіру және Алматы қ. жеке кәсіпкерлік субъектілерінеәкімшілік кедергілерді азайту» тақырыбында 2016 жылы 14 желтоқсанда дөңгелек үстел өтті.
Кіріспе сөзбен Департамент басшысы Д.О. Тлеубаев сөз сөйледі және Департаментте жүргізіліп жатқан өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнаманы түсіндіру және жеке кәсіпкерлік субъектілерінеәкімшілік кедергілерді азайту туралы көтергіш құрылыстарын мемлекеттік қадағалау бөлімінің басшысы Ғ.Бабаевтыңбаяндамасы тыңдалды. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы негізгі нормативтік-құқықтық актілер талқыланды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі «Атамекен» ҰКП жеке кәсіпкерлік субъектілерінеәкімшілік кедергілерді азайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмысы жайында баяндап берді.
Баяндамашыларды тыңдау қорытындысы бойынша, заңнаманы сақтау бойынша туындаған сұрақтар және жеке кәсіпкерлік субъектілерінеәкімшілік кедергілерді азайту жайында талқылау жүргізілді.
ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті.
