
Ағымдағы жылдың 13-15 желтоқсанында Рига қаласында (Латвия Республикасы) ХҚТСҰ мемлекеттері-қатысушыларының ұлттық органдарының химиялық қауіпсіздік және қауіпсіздікті басқару мәселелері бойынша он алтыншы сессиясы өтті. Аталмыш семинарға Индустриялық даму және өндірістік қауіпсіздік комитетінің химиялық және фармацевтикалық өндіріс басқармасының бас сарапшысы Д. Осеманов қатысты. Аталмыш іс-шараға Оңтүстік-Шығыс Азия, Солтүстік және Оңтүстік Американың 20 елі қатысты.
Аталмыш кездесудің мақсаты келесі тақырыптар бойынша семинарлар мен оқу курстарын өткізу:
- химиялық қауіпсіздік және тәуекелді бағалауды басқару негізінде жатқан теориялық негіздер;
- қауіпсіздікті басқару тәсілдері;
- химиялық өнеркәсіпті тиімді басқаруға ұйымдастырушылық мәдениеттің ықпалдасу маңыздылығы.
Қазақстан 2000 жылдан бастап Конвенцияның қатысушысы және Ұйым мүшесі болып табылады.
Ұйымның басты тапсырмалары химиялық қаруды пайдалануға салынған тыйымды сақтаудың қадағалануын қамтамасыз ету, оның қорларын жою, бейбіт химия саласындағы ықпалдастықты дамытуға жәрдемдесу, мемлекеттерге химиялық қарудан қорғауды қамтамасыз етуде көмек көрсету, химиялық қаруды таратпауды қамтамасыз ету болып табылады.