
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департамент (бұдан әрі – Департамент) жоспарының 15 тармағын орындау үшін, Департаментте «Алматы қ. салынып жатқан метрополитен объектілерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайы» тақырыбында 2016 жылы 21 желтоқсанда кеңес өтті. Кіріспе сөзбен Департамент басшысының м.у.а. Б. Олжабаев сөз сөйледі.
Кіріспе сөзбен Департамент басшысы Д.О. Тлеубаев сөз сөйледі, сондай-ақ «Алматыметроқұрылыс»АҚ бас директорының орынбасары Ж. Етекбаевтың баяндамасы тыңдалды.«СарыАрка» және «Достык»станцияларының бірінші кезектегі II желідегі метрополитен құрылысы кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселесі қаралды және талқыланды. Қазіргі уақытта, «Алматыметроқұрылыс»АҚ-да ұңғымалық және құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Кеңестің нәтижесінде, «Алматыметроқұрылыс» АҚ-на ұсынылды:
- тексеру парақтарының және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы
заңнамаларының негізінде, өндірістік бақылау туралы нормативтік актіні әзірлеу;
- Алматы қаласында салынып жатқан метрополитен объектілерінің
жоспарындағы барлық өзгерістер мен толықтыруларды, ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментімен келісу.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті