
2016 жылғы 23 желтоқсанда Астана қаласында Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті жанындағы Жарылыс істері жөніндегі кеңестің жоспарлы отырысы өтеді.
Жарылыс істері жөніндегі кеңесті құру, оның ережесі мен құрамы Комитеттің 2015 жылғы 22 шілдедегі № 67 бұйрығымен бекітілген. Осы Кеңес консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Кеңестің күн тәртібі мынадай өзекті мәселелерді қарастыруды көздейді:
1. Қызметі жарылғыш заттарды және оларды қолдана отырып жасалған бұйымдарды әзірлеумен, өндірумен, сатып алумен, өткізумен, сақтаумен байланысты қауіпті өндірістік объектілердегі қадағалау-алдын алу жұмыстарын жүргізу туралы.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № 57 шешімімен қабылданған Кеден одағының «Жарылғыш заттар және олардың негізіндегі бұйымдардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің (КО ТР 028/2012) 4-бабы 1-тармағын, жарылғыш заттарға (бұдан әрі – ЖЗ) оларды техникалық немесе өзге де заттармен дистанциялық табуды қамтамасыз ететін таңбалаушы заттарды енгізу, сондай-ақ оларға микротасығыштарды енгізу жолымен ЖЗ дайындаушыларды орнату жолымен оған дайындаушы елдің, өнімнің, дайындаушының, дайындалған партияның кодтық белгілемесі және дайындалған күні енгізіледі, жарылғыш заттарды табу мақсатында таңбалау бөлігінде күшіне енгізумен қабылданатын талаптарды іске асыру бойынша Қазақстан Республикасындағы жарылғыш заттарды өндіруші, тұтынушы кәсіпорындардың дайындығы туралы.
3. Қазақстан Республикасының қауіпті өндірістік объектілеріндегі өнеркәсіптік жарылғыш материалдарды электрондық есепке алу жүйесін енгізу бойынша жүргізілетін жұмыс туралы.
4. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің жанындағы Жарылыс істері жөніндегі кеңестің қызметі бойынша өзге де мәселелер.
Сондай-ақ Жарылыс істері жөніндегі кеңес отырысының жұмысына инвестициялар және даму, ішкі істер министрліктерінің, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Террорға қарсы орталықтың, жару жұмыстарын жүргізуші тау-кен өндіруші кәсіпорындардың, елдің мамандандырылған салалық ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарының, ЖМ дайындаушы елдердің өкілдері қатысуда.
Жарылыс істері жөніндегі кеңес отырысының күн тәртібіне кіргізілген мәселелерді қарастыру және талқылау қорытындысы бойынша оның мүшелері жару жұмыстарын жүргізетін және жарылғыш материалдармен жұмыс істейтін қауіпті өндірістік объектілердегі авария мен өндірістік жарақаттануды азайтуға бағытталған қабылданған бірлескен шешімдері бар хаттамаға қол қояды.
