
2016 жыл 22 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінде «Алматы қ. аммиакты тоңазытқыш қондырғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайы» тақырыбында кеңес өткізілді.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департамент жоспарының 15 тармақшасын орындау барысында, Департаментте кеңес өткізілді.
Кіріспе сөзбен Департамент басшысының м.а. Б. Олжабаев сөз сөйледі, сондай-ақ салааралық қадағалау, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бөлімінің басшысының м.а. М.Икиннің баяндамасы тыңдалды.
«Резерв» РММ «Комета» филиалының аммиакты тоңазытқыш қондырғыларының өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайы» тақырыбында Т.К. Абулбаевтың баяндамасы тыңдалды.
Алматы қаласында қазіргі уақытта, өнеркәсіптік аммиакты тоңазытқыш қондырғыларынажасанды суық алу үшін, салқындық агенті ретінде, өзінің өндірісінде аммиакты қолданатын 7 ұйым жұмыс істейді («Шин-Лайн» ЖШС, «Рахат» ЖШС, «Кадыров» ЖК, «Резерв» РММ «Комета» филиалы, «Carlsberg Kazakhztan», ЖШС, «Caspian Beverage Holding» АҚ, «First Distribution» ЖШС), аммиактың барлық мөлшері – 20,5 тонна. 2007 жыл мен 2016 жыл аралығында қаланың қауіпті химиялық объектілерінде аммиакты қолдану мөлшері 50 % төмендеді. «Резерв» РММ «Комета» филиалының аумағында шарттың негізінде Оңтүстік Қазақстан филиалы Алматы қалалық әскерилендірілген газ құтқару бөлімі РММ «АӘҚҚБ» ШЖҚ негізделген.
Қорытындылар/ұсыныстар:
1. Алматы қ. өз өндірісінде аммиакты тоңазытқыш қондырғыларын
пайдаланатын кәсіпорындар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы институттарымен бірлесіп, аммиактың құрамын бағалауды өткізу.
2. Қауіпті өндірістік объектілерде төтенше жағдайлар кезінде,
дренчерлік жүйесін қолдану.
3. Қаланың ішінде аммиакты тастаумен жетекшілік ететін аммиакты
тоңазытқыш қондырғылардағы аварияны болдыртпау үшін, ҚР заңнамасының талаптары мен өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларында көрсетілген шараларды міндетті түрде пайдалану.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департамент