Ірі тау-кен металлургия өнеркәсібі кәсіпорындары тыңдалды

Ірі тау-кен металлургия өнеркәсібі кәсіпорындары тыңдалды

2017 жылғы қаңтардың 12- 13 аралығында Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі А.П. Раудың төрағалығымен ірі тау-кен металлургия өнеркәсібінің компаниялары, «ҚИДИ» АҚ бірлесе тыңдалды: «АҚ («Қазхром «ТҰК» АҚ, «ССГПО» АҚ, «Қазақстан Алюминийі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ) (ERG) тобы, «Қазмырыш» ЖШС, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «ӨТМК» АҚ, «KSP Steel» ЖШС, «Кастинг» ЖШС. Тыңдау барысында жекелеген кәсіпорындар мен жалпы сала қызметі 2016 жылы қорытындылары және 2017 жылға арналған жоспарлар, сондай-ақ негізгі бағыттар талқыланып, проблемалық мәселелер таныстырылды.

2016 жылдың қорытындысы бойынша тау-кен металлургия саласы 2015 жылмен салыстырғанда, темір кендерін өндіруді қоспағанда, оң динамикаға ие. Бірқатар кәсіпорындар жұмысшылардың жалақысын көбейтуді жоспарлап отыр. Барлық негізгі базалық металдардың төмен бағалары сақталғанына қарамастан, кәсіпорындар жаңғырту нәтижелері және маркетинг бойынша, сеніммен қарай отырып, өз өндірісін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Тыңдау барысында, сондай-ақ көзделген жоспарларды және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бірқатар мемлекеттік қолдаудың қажетті шаралары табысты орындау үшін (экспорттық кредит беру, жеңілдікті тарифтер және басқалар) келісілді.