Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында «Теплотранзит Караганда» ЖШС-і мен «АрселорМиттал Темиртау» АҚ-на қатысты іріктеп тексеру жүргізілді

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында «Теплотранзит Караганда» ЖШС-і мен «АрселорМиттал Темиртау» АҚ-на қатысты іріктеп тексеру жүргізілді

ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаментімен «Іріктеп тексеру тізімдерін бекіту туралы» бұйрықтардың негізінде 2016 жылдың 25 сәуірінен 3 маусымы аралығында «Теплотранзит Караганда» ЖШС-не, 2016 жылдың 20 қазанынан 24 қарашасы аралығында  «АрселорМиттал Темиртау» АҚ-на қатысты тексеріс жүргізілді.

Тексеріс Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес өткізілді.

«Теплотранзит Караганда» ЖШС – тексеріс нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Заңы талаптарының 2 бұзушылығы анықталды:

1) МЭТ-ге енгізілетін ақпаратты дұрыс емес енгізген, дәлірек айтқанда кәсіпорынның тек өзіндік қажеттіліктерге кеткен электр энергиясын көрсеткен. Технологиялық қажеттіліктерге қолданған электр энергия бойынша мәліметтер көрсетілмеген;

2) Энергетикалық ресурстарды беруді жүзеге асыру кезінде құбыржолдарды жылу сақтағышсыз пайдаланған кезінде тікелей ысырабына жол бермеу жөніндегі міндетті орындамау (барлығы 702 аумақ).

2-ші бұзушылыққа қатысты Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 290-бабы 1 тармағына сәйкес екі жүз АЕК 424 200 теңге (ірі кәсіпкерлік субъектісі) сомасындағы әкімшілік айыппұл салынды.

«АрселорМиттал Темиртау» АҚ – тексеріс нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Заңы талаптарының 2 бұзушылығы анықталды:

1) Энергетикалық аудитті жүргізу нәтижелері бойынша қорытындының болмауы;

2) 2014 жыл үшін Мемлекеттік энергетикалық тізілімге енгізілетін ақпаратты ұсынбауы.

Бұзушылықтардың әрбіреуі үшін Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 292-бабы 1 тармағына, 293-бабы 1 тармағына сәйкес екі жүз АЕК-тен жалпы сомасы 848 400 теңге болатын (ірі кәсіпкерлік субъектісі) әкімшілік айыппұл салынды.