
09.12.2016ж. сағат 23.45-те шахтаның тау-кен диспетчері пультіне № 1 телім бастығының көмекшісі А.В. Маналитидан 4.02 Д6-1-в лавасының №№137-140 секцияларының үстінде (жабындарда) ашық оттың байқалғаны жөніндегі хабар (телефон арқылы) түсті.
00.03-те шахтаға «КӘАҚҚ» ШЖҚ РМК Қарағанды филиалы қызметінің жұмыскерлері басшылықпен қоса келіп аварияны жоюға кірісті.
Авария кезінде шахтада 178 адам болды, оның ішінде 17 адам авария телімінде болды. 10.11.2016ж. 01 сағат 30 минутта шахтадан өздігінен 150 адам шықты. 02 сағат 00 минутта қалған 28 адам шықты. Авария телімінде болған барлық жұмыскерлер шахтаның дәрігерлік пунктісінде тексерістен өтті. Улану мен денсаулықтың нашарлау нышандары таблыған жоқ,
КӘАҚҚ ШЖҚ Қарағанды филиалы қызметінің жұмыскерлерімен көбік және судың көмегімен лаваның жоғарғы жағында (№120-141 секциялар аймағы) жоғары температураның түсіруі (340 градусқа дейін) және лаваның өңделген кеңістігінде пайда болған ашық отты сөндіру бойынша, авария телімінде және қосымшаланатын қазбалардың ауа сынамаларын алу бойынша, кен атмосферасын ұстаудағы бақылау бойынша, қалыптың көтерілуі және «Текбленд» қоспасы мен №7,8,9 объектілерінде оқшаулағыш далбаларға гипстің жүктеуі бойынша жұмыстары жүргізілді.
Шахтаның авария теліміндегі жұмыскерлер №120-140 секциясынан бастап БЗК көмегімен лаваның кенжары кеудесін бекіту бойынша, лаваның механизмдеріне электр энергиясын беру мен опырылымдарды іріктеу бойынша, пайда болған төбелерде клеть салу үшін материалдарды тасу бойынша, конвейер тарабын шайқау және түсіп қалған тау-кен жыныстарын тиеу бойынша жұмыстарына тартылды.
ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінің (бұдан әрі – Департамент) 12.12.2016ж. №55 бұйрығымен Ленин атындағы шахтада болған аварияны тергеу бойынша комиссия құрылды. Төрағаның №1 өкімімен алдарына 4.02 Д6-1-в лавасының жоғарғы түкпірінде жанудың табиғатын мүмкіндігінше анықтау, өрттің себебін анықтау тапсырмалары қойылған шағын комиссия (ҚарӨҚҒЗИ-ның 2 қызметкері және «ГеоМарк» ҒЗО» ЖШС-нің 2 қызметкері) құрылды. Ұсынылған материалдардың (көмірқышқыл тотығы бойынша АГК трендтері, желдету журналы, ауа шығынының есебі, «КӘАҚҚ» шаң-газ аналитикалық зертханасының хабарлары) негізінде жүргізілген көмірдің өздігінен қызу үрдістерінің математиматикалық моделі бойынша есептері 4.02 Д6-1-в лавасының өңделген кеңістігінде болған жылумассалық ауысу үрдістерін бақылауға және іздеп табуға көмектесті. Шағын комиссияның қорытындысына сәйкес эндогенді өрттің болу себептері болып:
- Д6 пластының төменгі қабатымен көрсетілген 4.01 Д6-1-в конвейерлік штрегінің жерін үрлеу нәтижесінде және түпкі операциялар кезінде көмірдің жүйелі жоғалтуларының болуы;
- жоғарғы түйіспе аймағында ұсақ амплитудалы бұзушылықтар мен жарықтар зонасында 4.02 Д6-1-в лавасының жұмыс істеуі;
- 4.02 Д6-1-в лавасында соңғы екі ай ішінде (қазан, қараша) тазарту кенжарының қозғалысының жылдамдығының азаюы, регламенттелген көрсеткіштен төмен;
- 4.02 Д6-1-в лавасының көмірі үшін өздігінен жану кезеңінің инкубациялық өлшемінен асатын белсенді желдету зонасында жүйелі жоғалтулардың орын алуы.
Осындай тәсілмен, көмірдің тез тотығу реакциясы үшін жағдай жасалып, бірнеше тәуліктің ішінде ауаның тұрақты түрде келуі арқасында өздігінен жанудың ерте тарапына өту үрдісі байқалды.
Сонымен қатар, шағын комиссиямен мұндай жағдайларды бұдан әрі болдырмау шаралары ұсынылды.
Қолданған шаралармен қазба теліміндегі жағдай тұрақталды. Телімдегі кен атмосферасы санитарлық нормалар ширегінде. Лава 13.12.2016ж. 2 ауысымнан бастап штаттық режимге сай жұмыс істеуде.