
2017 жылдың 26- қаңтарында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Б.Ә.Стамқұловтың төрағалығымен Қызылорда облысында уран кеніштерінде геологиялық барлау және бұрғылау жұмыстарын жүргізетін, геофизикалық зерттеу жұмыстарымен айналысатын кәсіпорындар мен пайдалы қазбаларды жерасты ұңғылап және үймелеп шаймалау тәсілдерімен өндіретін кәсіпорындардың өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министірінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы «Қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру қағидаларын бекіту» туралы №353 бұйрығының талаптарының және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министірінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы «Қауіпті өндірістік объекті қауіптілігінің жалпы деңгейін айқындау қағидаларын бекіту» туралы №300 бұйрығының талаптарының орындалуын қамтамасыз ету» тақырыбында техникалық-кеңес өткізілді.
Техникалық кеңесте 2014 жылғы 11-сәуірдегі №188-V ҚР «Азаматтық қорғау туралы» Заңның 71-бабының 2-тармағына сәйкес, қауіпті өндірістік объектілерге жатқызылатын қауіпті техникалық құрылғылар қауіпті техникалық құрылғының паспортында көрсетілген параметрлер мен техникалық сипаттамалар бойынша сәйкестендірілетіндігі ескертілді.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министірінің 2014 жылды 30 желтоқсандағы «Қауіпті өндірістік объекті қауіптілігінің жалпы деңгейін айқындау қағидаларын» бекіту туралы №300 бұйрығының 7 тармағына сәйкес, қауіпті өндірістік объектінің жалпы қауіптілік деңгейі бойынша ақпаратты қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне есептік жылдан кейінгі 15 қаңтардан кешіктірмей ұсынуы керек және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министірінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы «Қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру қағидаларын бекіту туралы» №353 бұйрығының 7 тармағына сәйкес, сәйкестендіру нәтижелері бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне он бес күн ішінде ақпарат ұсыну керек.
Сәйкестендірілген қауіпті өндірістік объектілерде ұйым қызметі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүзеге асырылатындығы аталып өтті.
Орындаған: Атом энергиясын пайдалану объектілерін мемлекеттік қадағалау, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бөлімінің бас маманы-Жарасов Еркебұлан Жұмағалиұлы
Тел: 87021165656

