Техникалық кеңес өткізілді

Техникалық кеңес өткізілді

27.01.2017 жылы Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті (әрі қарай-Департамент), газ құю бекет (МОНОБЛОК) иелерінің қатысуымен ҚР «Азаматтық қорғау туралы» Заңының талаптарының және  Қазақстан Республикасы Инвестициялар  және  даму  министірінің 2014 жылғы  30 желтоқсандағы  «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» бойынша техникалық кеңес өткізді.

 Алғашқы сөзді Департамент басшысының орынбасары Стамқұлов Берік Әнуарұлы алып, техникалық кеңесті ашты.

Департаменттің Қазандықтар, газ шаруашылықтары, көтергіш құрылыстары және нан өнімдері объектілерін мемлекеттік қадағалау, бөлімінің бас маманы Айтимова Мадина Амандыковна, техникалық кеңеске қатысушыларға ҚР «Азаматтық қорғау туралы» Заң және Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары талаптарын түсіндіріп айтып берді.

Техникалық кеңес барысында, «Батт Ойл Трэйд.» ЖШС еңбек қауіпсіздігі инженері Қазтай Алмас «Газбен жүретін автокөліктерге орнатылған  қысыммен жұмыс жасайтын ыдыстарға техникалық куәләндәру қалай жүргізіледі, қауіпсіз пайдалану қалай бақыланады?

Департамент басшысының орынбасары Стамқұлов Берік Әнуарұлы «Автокөліктерге орнатылған газбаллон құралдарын қолданыс барысында техникалық куәләндәру кім жүргізетіндігі және оны бақылау Заңмен қарастырылмаған. Автокөліктерге орнатылған газбаллон құралдары өндіруші зауыттың қолдану талаптарына сәйкес қолданылуы керек.»

Техникалық кеңес барысында келесі шешімдер қабылданды:

  1. Қысыммен жұмыс жасайтын ыдыстарды орнату барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік шараларын сақтау.
  2. Газ құю бекеттерін пайдалану барысында  өнеркәсіптік қауіпсіздік шараларын сақтауын бақылауға алу.
  3. Оқу дабылы мен аварияға қарсы жаттығуды ұйым басшысы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтың бөлімшесінің өкілдерімен бірлесіп өткізу.