
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 05.09.2016 жылғы №648 бұйрығы негізінде 2016 жылдың 4 тоқсанына арналған іріктеп тексерулер тізіміне сәйкес ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитеті Атырау облысы бойынша департаментінің Салааралық қадағалау, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау бөлімі 27.12.2016 – 30.012017 уақыт аралығында «Норт Каспиан Оперейтинг Н.В.» компания өнеркәсібіне қатысты энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласы бойынша тексеріс жүргізді.
Тексеріс барысында 13 Заң талаптарының бұзушылықтары анықталып Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 290 бабы 1-тармағы және 293 бабы 1-тармақтарына сәйкес хаттамалар толтырылды.