Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» туралы Қазақстан халқына жолдауы бойынша түсіндіру жұмысы өткізілді

Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» туралы Қазақстан халқына жолдауы бойынша түсіндіру жұмысы өткізілді

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің 2017 жылдың 1 ақпанындағы шығыс № 25-2/5-294 хатына сәйкес, 2017 жылдың 2 ақпанында ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы мен барлық қызметкерлерінің қатысуымен Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» туралы Қазақстан халқына жолдауына түсіндіру жұмысы жүргізіліп, департамент бас маманы А.Алекешовамен баяндама оқылды.

Баяндамада «Қазақстанның үшінші жаңғыруының» бес негізгі басымдығына жете тоқталып өтті. Бұл басымдықтар экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталғанын көрсетті.