Елбасы Жолдауын талқылау бойынша Комитеттің Алматы қаласы бойынша Департаментінде отырыс өткізілді

Елбасы Жолдауын талқылау бойынша Комитеттің Алматы қаласы бойынша Департаментінде отырыс өткізілді

ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментінде (бұдан әрі- Департамент) 2017 жылдың 3 ақпанында ҚР Президентінің Жолдауын талқылау бойынша Департамент қызметкерлерімен отырыс өткзілді.

Салааралық қадағалау, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруды бақылыу бөлімінің бас маманы М.Қалымбеттің баяндамасы тыңдалды.

Департамент қызметкерлерімен ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауының бес негізгі басымдылығы талқыланды:

1. Бірінші басымдық – экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы.

2. Екінші басымдық – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту.

3. Үшінші басымдық – макроэкономикалық тұрақтылық

4. Төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту.

5. Бесінші басымдық – институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және  сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты. 

Жолдауды талқылау барысында, Департамент басшысы Д.Тлеубаев Департамент қызметкерлерінің өзін-өзі жетілдіру және халықаралық ағылшын тілін үйренуіне назар аударуды ұсынды.