
Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және жүйе құраушы компаниялар арасында Қазақстан Республикасының аумағында өнірілетін тауарлардағы қазақстандық қамтудың үлесін ұлғайтуды қолдау туралы үш жақты келісімге қол қойылды.
ҚР ИДМ «Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі «NADLoC» ірі кәсіпорындардың технологиялық процесстері үшін қажетті тауарларға сұраныстарына егжей-тегжей талдау жүргізді және отандық тауар өнідушілердің әлеуетін зерттеді.
Жүргізілген талдау бойынша «NADLoC» АҚ сарапшылары қазіргі уақытта 387 млн. доллар сомасына шетел өндірушілерінен сатып алынатын
5 саладағы шамамен 2000 тауарлық позиция анықтады.
Импортты алмастыру мақсатында жаңа тауарлардың түрлерін өндіруді ұйымдастырған кезде жоғарыда көрсетілген сома Қазақстанның экономикасына жұмыс істейтінін мамандар атап өтті.
Сонымен қатар, егер тауарлар елде өндірілетін болса, теңе аумағында, валютаның курсы өзгерген кезде осындай өнімге баға тым өзгермейтін болады. Бұл экономикалық жағынан тиімді.
Ірі жүйе құраушы компаниялар шаңын және орта бизнесті дамытуды қолдайды. Мысалы, «Қазмырыш» ЖШС, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Еуразиялық топ» ЖШС шағын және орта бизнестің тауарөндірушілерімен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға және бар тауарларды жергілікті кәсіпорындардан сатып алуға дайын.
Отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға, шығарылатын тауарлардың түрлерін кеңейтуге, сондай-ақ оның сапасын жақсартуға бағытталған жоғарыда көрсетілген үш жақты келісімді қабылауда берілген компаниялар қатысты.
Бұдан басқа, мемлекет жыл сайын қазақстандық кәсіпорындарға қолдаулар көрсетеді. «Өнімділік 2020» бағдарламасының шеңберінде жалпы мақұлданған халықаралық стандарттар бойынша өз тауарының сапасының сәйкестігін растаған барлық отандық өндірушілер ала алатын, өнімді сертификаттау және сапа менеджменті жүйелері бойынша шығындардың бөлігін өтеу құралы осындай қолдаулардың бір болып табылады.