

Қазақстандағы ең ірі ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын «АгромашХолдинг KZ» зауыты 2020 жылдың қорытындысын шығара отырып, өндірістің 1,7 есеге артқанын атап өтті. Егер 2019 жылы кәсіпорын құны 16,6 миллиард теңгені құрайтын 429 трактор мен комбайн шығарған болса, өткен жылы бұл көрсеткіш 23,9 миллиард теңгенің 730 бірлігіне дейін өсті.
Статистика мен тәжірибе көрсеткендей, отандық техникаға деген сұраныс жыл сайын айтарлықтай артып келеді, ең алдымен, бұған тракторлар мен комбайндарды жаңарту едәуір әсер етеді, бұл бүгінгі таңда шетелдік аналогтарға анағұрлым бәсекелестік тудырып отыр. Мұнда сападан, қуаттың жоғарылауынан, жанармай шығынынан және екі жылдық кепілдендіруден басқа, қол жетімді баға да маңызды рөл атқарады. Сондықтан, бүгінде елімізде сатып алынған жаңа комбайндардың немесе тракторлардың төртеуінің үшеуі – өз өндірісіміздікі.

ПАНДЕМИЯ ЖӘНЕ КАРАНТИН РЕЖИМІ ЖАҒДАЙЛАРЫНДА
Бұл ерекше режим өндіріске әсер еткен жоқ. 2020 жылы «АгромашХолдинг KZ» жұмысының басым бөлігі қиын жағдайларда өтті. Оларды қатаң ұстану егін егу және оны жинау науқанында пандемия өршіп тұрған кезде, тұрақты өтуге көмектесті.
Холдингтің бірінші Вице-президенті Динара Шукижанова атап өткендей, 2020 жыл өте қарқынды болды, яғни, пандемияға қарамастан, өндірісті бір жарым есеге артық арттыру мүмкіндігіне жете алдық.
– Біз өз клиенттеріміздің алдындағы сенімді жоғалтпай, әлемдегі жағдайға қарамастан жабдықты уақтында жеткізу керек екенін түсіндік және түсінеміз, – дейді Динара Шукижанова. – Сондықтан, зауыттың аталған маусым кезінде тәулік бойы жұмыс істеуі қажет болды. Биыл біз «LOVOL» тракторларының өндірісін едәуір арттырдық. Егер осыдан екі жыл бұрын, біз осы тракторларды шығаруды жаңа бастаған кезде көпшілік күмәнданса, бүгінде біздің тұтынушылар бұл трактордың қуатты, қол жетімді, әмбебап, сондай-ақ, ауылшаруашылық, коммуналдық жұмыстарға, мал фермалары мен жүк тасымалдауға жарамды көлік екенін біліп отыр. Мұның бәрі жай сөз емес, 2019 жылы біздің мамандар тракторлардың 106 бірлігін, ал 2020 жылы 364 бірлігін шығарған. Ал енді, осы айрмашылықтарды бәрі көріп отыр деп ойлаймын. Пандемия кезінде басқа мүмкіндік болмағандықтан, ұжым ұйымдаса жұмыс жасады. Алдымыздағы сол көлемдерді жеңе алу үшін, ұжымдасып жұмыс істеу өте маңызды болды. Бүгінгі күні бізде компаниямыздың қызметкерлері мен клиенттеріміздің үлкен командасы құрылғаны жөнінде нақты түсінік қалыптасып отыр.
Холдингтің бірінші Вице-президенті Динара Шукижанованың айтуынша, 2020 жыл қазіргі өндіріске әсер еткен жоқ және жаңа жобаларды жүзеге асыруға кедергі болмады.

– Біз ауқымды жоба – Оқшаулау орталығы бойынша жұмысты бастадық, мұнда 27 мың шаршы метр аумағында жоғары өнімді станоктар мен технологиялық автоматтандырылған желілері бар компоненттер базасын шығаруға арналған әмбебап цехтар, оқу орталығы мен жатақхана орналасады», – деп бөлісті Динара Шукижанова. – Құрылыс жүріп жатқан жерде бір уақытта адамдар қозғалысы мен санына шектеулер болғандықтан, бұл айтарлықтай қиын болды. Бірақ, соған қарамастан біз белгіленген мерзімге жеттік. Цех дайын және Жаңа жылға біз жаңа жоспарлармен, стратегиямен және мықты командамен кірдік. Жақында біздің ұжымымыздың саны бұдан да көп артатын болады, олар дейтініміз Оқшаулау орталығының іске қосылуы мыңдаған жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беріп отыр.
Осы жобаны іске асыру үшін, Ресейден, Украинадан, Беларуссиядан жоғары білікті инженер кадрлар командасы қондырғылар жасау, іске қосу және қазақстандық мамандарды даярлау жұмыстарын жүргізуге шақырылды.

«АгромашХолдинг KZ» комбайндарды, тракторларды және басқа да ауылшаруашылық техникаларын оқшаулауға, сондай-ақ жеңіл және жүк көліктеріне қажетті компоненттер өндірісіне жеңілдетілген шарттарда шағын және орта бизнесті тартуды жоспарлап отыр.
Шағын және орта бизнестің жаңа жұмыс орындарын құра отырып, жабдықтар мен жаңа технологияларды игеру және т.б. инвестициялау мақсатында, қолда бар бос өндірістік алаңдар жеңілдікті шарттармен жалға берілетін болады.
Қазірдің өзінде шығарылып жатқан өнімдерден басқа, метбұйымдар мен күпшектерді, қарсы салмақтарды, су және май сорғыларын, піспек сұққысын, қалақты аспапты, домаламайтын катоктарды, жоғары қысымды түтіктерді, гидравликалық цилиндрлерді, электр байламдарын, отырғыштарды, пластикалық бөлшектерді, сондай-ақ автомобильдің ішкі және сыртқы элементтерін шығарады.

2021
Қазақстандық ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің сенімін арттырған, «ESSIL» комбайнының алдыңғы модельдерінен басқа, 2020 жылы «ESSIL» КЗС – 790 роторлы комбайны шығарылды, ол Қарағанды облысында сынақтан өтіп, жақсы нәтиже көрсетті. Фермерлердің роторлы комбайндарға қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, осы модельдің сериялық өндірісі 2021 жылға жоспарланды. Пернелік комбайндардан роторлы комбайндарға ауысудың негізгі айырмашылығы өнімділіктің артуы және астық шығынын азайту болып табылады. Өндіріс жөніндегі Вице-президент Петр Максаков айтқандай, бұл комбайнда, ең алдымен, қозғалтқыштың қуаты мен астықты тазарту алаңы ұлғайтылып, астық бастыру барабан және ротормен қатар жүргізіледі.
«АгромашХолдинг KZ»-тің коммерциялық директоры Николай Пархоменконың айтуынша, 2021 жылы 75, 180 және 220 ат күші бар жаңа модификацияларды шығарумен «LOVOL» маркалы тракторларының өндірісі желісін кеңейту жоспарланып отыр.

2020 жылы жоғары қуатты тракторлардың жаңа модельдерінің сертификаттық сынақтары жүргізілді: олар оң нәтиже алған «LOVOL» 1804 және «LOVOL» 2204 тракторлары. Сату қаңтарда басталады, 2021 жылға жоспарланған өндіріс көлемі 20 бірліктен асады.
Сондай-ақ, «LOVOL» тракторларына арналған аспалы және тіркеме жабдықтарды өндіріске енгізу жоспарлануда.
Өнім қатарында австриялық «PÖTTINGER» компаниясының тұқым себу кешендерінің, мал шаруашылығы саласына арналған тіркемелердің, астық жинайтын және жемшөп жинайтын комбайндардың беларуссиялық серіктес «Гомсельмаш» ААҚ-пен бірге пайда болуы маңызды сәт болады.
ФИЛИАЛДАР
Бүгінгі күні «АгромашХолдинг KZ» зауытының өнімдерін Қазақстанның 9 аймағында тиімді шарттармен сатып алуға болады. Дилерлік желінің кеңеюі - ағымдағы жылы бұл векторлардың бірі болып табылады. Осылайша, кәсіпорын өзінің өкілдігін Қарағанды және Ақтөбе облыстарында, Шымкент, Павлодар және Орал қалаларында құру мүмкіндігін қарастыруда. Бұл кәсіпорынның қазақстандық фермерлерге жақындай түсетіндігін білдіреді. Осылайша, мамандар жұмыс сәттерінде тығыз байланыста жұмыс істей алады және тәулік бойы клиентке жақын болады.