
2017 жылдың 16 ақпанында «Компания жол жондеуші» ЖШС-ның «Батыс дирекциясы» филиалында жұмысшылардың біліктілігін арттыру бойынша «Эман эксперт» орталығынмен бірге мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары өкілдерінің қатысуымен еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша жыл сайынғы семинар өткізілді.
Семинарда ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Б.Стамқұлов және департмаенттің бас маманы К.Шукаманова қатысты.
«Компания жол жондеуші» ЖШС-ның «Батыс дирекциясы» филиалы – құрылыста, қайта жаңғыртуда, теміржол және автокөлік жолдарын жөндеуде, көлік-логистикалық кешенінің инфрақұрылымдық жобаларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасындағы ірі кәсіпорындарының бірі.
Брифинг аясында Б.Стамқұлов Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кейбір заңнамалық актілердегі өзгерістерге түсініктеме беріп өтті. Оның ішінде «Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңының, «Қысыммен жұмыс жасайтын ыдыстарды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережелерінің» және «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережелерінің» талаптары айтылды. Семинардың қорытындысында қойылған сұрақтарға толығымен қанағаттанарлық жауаптар берілді, яғни қауіпті техникалық нысандарды тіркеу тәртібі, нормативтік қызмет көрсету мерзімі өткен техникалық құрылғылардың пайдалану мерзімін ұзарту бойынша, оқу-жаттығу іс-шараларын өткізу туралы және қауіпті өндірірстік нысандарда жұмыс жасайтын жұмысшыларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша біліктілігін арттыру мәселелері туралы сұрақтар қамтылды.