
ҚР ИДМ «NADLoC» жергілікті мазмұнды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ 27 сәуір күні Мәскеуде өткен өнеркәсіптік кооперацияның, субконтрактацияның және технология трансферінің Еуразиялық желісін қалыптастыру тұжырымдамасын іске асыру мәселелері жөніндегі жиынға қатысты.
Дөңгелек үстелге ЕАЭО мүше елдер - Армения, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан және Ресей Федерациясының өкілдері келді.
Өнеркәсіптік кооперация мен субконтрактацияның Еуразиялық желісі шағын және орта кәсіпорындарды өндірістік тізбекке біріктіру, ЕАЭО мүше-мемлекеттердің өнеркәсіптік кәсіпорындары арасында кооперациялық байланыстар құру тетігі болып табылады. Өнеркәсіптік кооперация мен субконтрактацияның Еуразиялық желісінің негізі ЕАЭО мүше-мемлекеттердің өнеркәсіптік кооперациясы мен субконтрактациясы ұлттық сегменттерін құру және іске асыру.
Жиынның басты мақсаты Еуразиялық желі тұжырымдамасын іске асыру бойынша Жол картасын талқылау болды.
2018 жылдың соңына дейін ЕАЭО-қа мүше елдер өздерінің ұлттық сегменттері негізінде 2019 жылдан бастап ортақ еуразиялық желіге бірігетін кооперация мен субконтрактация, сондай-ақ технология трансферінің Еуразиялық желісін қалыптастыруы қажет.
«NADLoC» жергілікті мазмұнды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ басқарушы директоры Дмитрий Усовтың пікірінше, кооперациялық тізілімге кіретін мүше мемлекеттердің кәсіпорындары арасында құрастырушы бөлшектерді жеткізуді кедергісіз жүзеге асыратын болады.
«Бұл тәсіл кәсіпорындарға тапсырушы мен жеткізуші арасында еңбек және ресурстар бөлінісінің барлық түрлерін оңтайландырудың арқасында өндірістің жоғары тиімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін аутсорсингті білдіреді» - деп қорытындылады Дмитрий Усов.
Қазіргі таңда «NADLoC» АҚ Субконтрактация мен өнеркәсіптік кооперация Орталығы отандық тауар өндірушілерді индустриалдық паспорттау жұмысын бастап кетті. Бұл СӨКО үшін деректер базасы үшін қолданылатын болады. Сондай-ақ, қазір 600-ден астам кәсіпорынмен жұмысты аяқтады.
