
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қанат Кұрмашұлы Байытов 2017 жылдың 20-22 ақпан аралығында Батыс-Қазақстан облысына барды.
Іссапар барысында төраға орынбасары Орал қаласындағы («Батыс-Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ, «Болашақ-Т» ЖШС, «Орал трансформаторлық зауыты» ЖШС), БҚО Зеленовский ауданындағы («Батыс Пауэр» ЖШС) өнеркәсіптік кәсіпорындарда, сонымен қатар Орал қаласындағы 5515 Әскери бөліміне барды, онда ол кәсіпорындардың басшылары мен қызметкерлерімен кездесті, зауыттардың тарихы, қазіргі жағдайы, даму болашағымен танысты, кәсіпорындардың қызметкерлерімен әңгімелесіп, кәсіпорын проблемаларын тыңдады.
Кездесу барысында қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін жобаларды несиелеу, өндірістерді жаңғырту, әлеуметтік мәселелер және басқа мәселелер қызметкерлерді толғандырды.
Қ.Қ. Байытов Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын жүзеге асыру бойынша Комитет жұмысының негізгі бағыттары мен 2017 жылға қойылған міндеттерін түсіндірді.
Төраға орынбасары сонымен қатар Үкімет пен бизнестің алдында базалық салаларды 2025 жылға дейін технологиялық қайта жаңғырту мәселесі бар екендігін атап өтті. Және барлығын осы жұмысқа белсенді қатысуға шақырды.