
06.01.2017 жылы Қарағанды облысы бойынша «ҚР ИДМ индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Департаменті» РММ Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бап, 1-тармақша және 3-тармақ бойынша алдында берілген нұсқаманы бақылауының орындалуын тексеру мақсатында «Шубарколь Премиум» ЖШС-ін жоспардан тыс тексеріс жүргізілді.
Нұсқаманың жекелеген тармақтардың орындалуына қатысты зерттеудің барысында кейбір дұрыс емес ақпарат беру фактілері анықталды. 1 т. 462-бап бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сүйене отырып, Департамент заңды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында іс-материалдарын әкімшілік сотқа берді.
Сот іс-материалдарды зерттеп, саралап, ЖШС өкілі мен Департамент өкілінің түсіндірмелерін тыңдай келе, ЖШС-нің әкімшілік құқық бұзушылығы расталып, іс-материалдарымен дәлелденді деп қаулы шығарды: әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамасы. ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 1-бөлім, 462-бап негізінде, мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау органдарының лауазымды адамдарға кедергі келтіру мен олардың қызметтік міндеттерін орындау үшін өз құзыретіне сәйкес қадағалау, қажетті құжаттарды көрсетуден бас тарту мен жалған, анық емес ақпаратты беру – «Шубарколь Премиум» ЖШС орта кәсіпкерлік субъектісіне мемлекеттің кірісіне жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға сот қаулы етті.
Қарағанды облысы бойынша тау-кен және кен емес өнеркәсіптегі және жобалау-техникалық құжаттаманы сараптау Департаментінің тау-кен-техникалық қадағалау бөлімі.