
Ағымдағы жылдың 13 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрлігінің Индустриалды даму және өнеркәсіптік қаупсіздік Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті 2017 жылдың 1-ші жартыжылдық тексеру кестесіне сәйкес, «Мобил-Сервис Групп» ЖШС-не қатысты тексеріс жүргізудің ерекше тәртібі бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына тексерісті бастады. Тексеріс Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі және бекітілген тексеру парақтарының талаптары аясында жүргізілуде, атап айтқанда «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде қауіпті өндірістік объектілерге қатысты өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттік қадағалау аясындағы тексеру парағы», «Қысымен жұмыс жасайтын жабдықтарды пайдалану кезінде қауіпті өндірістік объектілерге қатысты өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттік қадағалау аясындағы тексеру парағы» және т.с.с. Тексеріс 2017 жылдың 28 ақпанына дейін жүргізіледі.