
2017 жылдың 28 ақпанында Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Қ.Қыстаубаевтың төрағалығымен Елбасының Үндеуі мен Жолдауын түсіндіру тақырыбына арнайы жиналыс болып өтті.
Жиналыста Департамент ұжымына ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 25 қаңтардағы билік тармақтарының өкілеттіктерін қайта бөлу туралы Үндеуін, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының негізгі сәттерін түсіндірді.
Қ.Қыстаубаев өз сөзінде билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу, әзірленетін және қабылданатын заңдардың сапасына Парламент пен Үкіметтің жауапкершілігін арттыратынын, екіжақты тығыз байланыс және есептілік пайда болатынын атап өтті.
Департамент ұйымымен түйінді тақырыптарды талқылаудан кейін Қ.Қыстаубаев Елбасы өзінің арнайы үндеуінде және Жолдауында атап өткен реформа жолында Конституцияға және көптеген заңдарға өзгерістер енгізілетіндігіне қатысушылардың назарын аударды. Үкіметтің өкілеті кеңейіп, Парламенттің рөлі күшейеді. Конституциялық кеңестің, сот жүйесінің және прокуратураның қызметі жетілдірілетін болады. Сондай-ақ, Президентіміздің Жарлығына сәйкес, конституциялық реформалар жобасы жалпы халықтық талқылауға шығарылады.
Сондықтан ел болып, халық болып осы маңызды реформаны зор табыспен өткізіп, алға қойған мақсаттарымызға абыроймен жетуге ат салысуымыз керек деп өз сөзін қорытындылады.