
2017 жылдың 4 қаңтарынан 31 қаңтарына дейін Жезқазған аймағы бойынша түсті металлургиядағы тау-кен қадағалау бөлімі арнайы комиссияның төрағасы ҚР ИДМ ИДӨҚК Қарағанды облысы бойынша Департамент басшының орынбасарымен 2017 жылдың 31 желтоқсан айында Шығыс Жезқазған кеніші №55 шахтасының 6 кенбөлігінде №59 учаскісінің 1981 жылы туған ТТМ машинистімен болған жазатайым оқиға бойынша тергеу өткізді.
Тергеу барысында комиссия жазатайым оқиғаға әкелген себептер мен өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелерін бұзушылықтарын анықтады. Комиссия анықталған себептерге сәйкес осыған ұқсас жазатайым оқиғалары болмау үшін іс-шаралар ұсынды.
Тергеу нәтижелері бойынша «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС «Жезқазғантүстімет» ӨБ басшылығына болған жазатайым оқиғаның жасалған тергеу актісі басшылыққа алу және орындау үшін берілді.
