Комитеттің Жамбыл облысы бойынша Департаментінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - баршамызға ортақ міндет» тақырыбында жиналыс өткізілді

Комитеттің Жамбыл облысы бойынша Департаментінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - баршамызға ортақ міндет» тақырыбында жиналыс өткізілді

2017 жылдың 16 наурызында Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы К.К.Ақмырзаевтың қатысуымен  Департаменттің 2015-2017 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспарларын  жүзеге асыру, сондай-ақ Департаменттің мелекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - баршамызға ортақ міндет» тақырыбы бойынша жиналыс өткізілді.  

Жиналыс барысында Департамент қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы К.К. Ақмырзаев 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңындағы мониторинг және ішкі талдау жұмыстарын  түсіндірді.