«Казбургаз» АҚ қатысты тексеріс жүргізілуде

«Казбургаз» АҚ қатысты тексеріс жүргізілуде

2017 жылдың 6 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен 2016 жылғы 9 желтоқсанда №851 ҚР Бас Прокуратурасымен бекітілген, 2017 жылдың І жартыжылдығына арналған  өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында тексерістер жүргізу кестесіне сәйкес «Казбургаз»АҚ  қатысты ерекше тәртіп бойынша тексерісі жүргізіліп жатыр. 

1996 жылдың қыркүйек айында «Карачаганакгазпром» АҚ қайта ұйымдастыру және екі бұрғылау кәсіпорындарды біріктіру арқылы «Казбургаз» акционерлік қоғамы құрылды. Өнеркәсіптік қуаттылықты біріктіру, еңбек ресурстарын сақтау және экономикалық қатынастарды артыру үшін акционерлік қоғам құру қажет болды.

«Казбургаз» АҚ негізгі қызмет көрсету міндеттері: бұрғылау қондырғы алаңының құрылысы, монтаждау, бұрғылау, арнайы техниканың қызметі, бағананы шегендеп бекіту, игеру, өнеркәсіптік қалдықтарды шығару және кәдеге жарату, бөлшектеу, рекультивациялау, бұрғылау қондырғысын жөндеу.

«Казбургаз» АҚ құрамында келесі бөлімшелер бар: бұрғылау және ұңғымаларды бекіту цехы, өнеркәсіптік-геофизикалық экспедициясы, тығындама басқармасы, автокөлікті кәсіпорны, өнеркәсіптік қызмет көрсету базасы, бұрғылау ертінділерді дайындау зауыты.