Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті өкілінің қатысуымен семинар – жиналыс өткізілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті өкілінің қатысуымен семинар – жиналыс өткізілді

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінде (бұдан әрі - Департамент), 2017 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, сонымен қатар Департамент қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті өкілі Ұзақбаев Н.Ғ. қатысуымен 2017 жылдың 28 наурызында семинар-жиналыс өткізілді.

Департамент басшысы А. Абулхаиров жиналыс тақырыбындағы сөз бастап, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактика басқарма басшысы Ұзақбаев Н.Ғ. сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарына түсіндірме жүргізіп, видеороликтер көрсетілді.