
Almaty Tech Garden инноваторларды, әзірлеушілерді, жас ғалымдар мен студенттерді 27-ші сәуірде «Тұран» университетінде өткізілетін стартаптардың көктемгі сайысына қатысуға шақырады. Іс-шара стартап жобаларға қолдау көрсетуге бағытталған 3 байқауды біріктіреді: Startup Day, TG Cup хакатоны және Microsoft Imagine Cup.
Іс-шараны ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің қолдауымен Almaty Tech Garden ұйымдастырып отыр. Microsoft Kazakhstan және «Тұран» университеті шараның әріптестері болып табылады.
«TG Cup» – нарықтағы жетекші компаниялардың, ұлттық компаниялардың, үздік технологиялық кәсіпорындардың, халықаралық жане басқа да ұйымдардың технологиялық мәселерін шешуге мүмкіндік беретін хакатон. Соның ішінде, IBM, DAR Ecosystem, ТОО «Современные инновационные технологии» және т.б. компаниялардың мәселелері ұсынылады. «Startup Day» - жер қойнауын қолданушылардың технологиялық мәселелерін шешуге бағытталған инновациялық жобалар байқауы. Аталмыш жобан аясында қатысушылар ұсынылған мәселелерден басқа, өз стартаптарын да ұсына алады. Стартаптар келесі бағыттар бойынша қарастырылады: индустрия 4.0, ақылды қала, жаңа материалдар, қаржылық технологиялар. Екі байқауға арналған технологиялық мәселелер, сондай-ақ, байқаулар жайлы толық ақпарат Almaty Tech Garden веб-сайтында орналастырылған (techgarden.kz). Сонымен қатар, барлық жобалар 100 000 $-ға дейін қаржыландырылатын Startup Kazakhstan халықаралық акселерациялық бағдарламасына қатысуы қарастырылған.
Жүлделер:
«Startup Day» және «TG Cup» байқауына қатысу үшін сұранымдар 2017ж. 23 сәуірге дейін қабылданады: https://techgarden.kz/cup2017
«Imagine Cup» – Microsoft компаниясы ұйымдастыратын, студенттер арасындағы технологиялық байқаулардың жобасы. Байқау Microsoft компаниясының технологиялық шешімдерінің негізінде жүзеге асырылған жобаларды қолдау мақсатымен бүкіл әлемнің ең дарынды студенттерін біріктестіреді. 27 сәуірдегі ұлттық Қазақстанда өтетін ұлттық финалдың жеңімпаз тобы анықталып, топтың мүшелері өз жобаларын Киев қаласында өтетін аймақтық финалда ұсына алады. Байқаудың шарттары бойынша бір топтың мүшелері 3 студенттен аспау керек. Сонымен бірге, 1 ментордың (студент емес, тәлімгер, жетекші) қатысуына рұқсат етіледі.
Жүлделер:
«Imagine Cup» байқауына қатысу үшін сұранымдар 2017ж. 15 сәуіріне дейін қабылданады: https://compete.imagine.microsoft.com/en-us/competition/17695
Анықтамалық ақпарат:
Қазақстан Республикасы Үкіметімен құрылған «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры (Almaty Tech Garden брендімен жұмыс атқарады) өз қызметін "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы" Заңына сәйкес жүргізеді. Қазақстан Республикасының Президенті "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластерінің Қамқорлық кеңесінің төрағасы болып табылады. «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының Басқарушы комитетін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі басқарады.
«ИТП» ДКҚ бейкоммерциялық ұйымы "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының басқару мекемесі болып табылады. «ИТП» ДКҚ-ның әрекеті инновацияға деген сұранымды нығайту мен ынталандыруға, ғылыми зерттемелерді және стартаптарды инкубациялауға, сонымен қатар, жоғары технологиялы компаниялардың дамуына инвестиция тартуға бағытталған.
БАҚ үшін байланыс:
Almaty Tech Garden баспасөз қызметі
Мұхтар Жұмалиев
тел.: +7 (778) 999 49 63