Қазақстан 2017 жылғы 23-24 наурыз аралығында ЭЫДҰ Болат комитетінің 82-ші сессиясына қатысты

Қазақстан 2017 жылғы 23-24 наурыз аралығында ЭЫДҰ Болат комитетінің 82-ші сессиясына қатысты

Қазақстан 2017 жылғы 23-24 мамырда Париж қ. (Франция) ЭЫДҰ Болат комитетінің кезекті отырысына шақырылған тарап ретінде қатысты. Қазақстандық делегацияны Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қ.Қ. Байытов бастап барды, делегация құрамында Сыртқы экономикалық ынтымақтастық департаменті Көпжақты ынтымақтастық басқармасының басшысы З.Б. Ибрагимов және Тау-кен металлургия өнеркәсібі басқармасының бас сарапшысы, Т.А.Усеев болды.

82-ші сессиясының барысында кең ауқымды мәселелер талқыланды.

Болат нарығы жанданды, бірақ сұраныс әлсіз болып отыр.

ЭЫДҰ-ның соңғы экономикалық шолуына сәйкес (2017 жылғы наурыз) әлемдік ЖІӨ-нің өсімі 2017 жылы 3,6 % және 2018 жылы 3,3 % деңгейінде болжануда (2016 жылы көрсеткіш 3% - ды құрады). Бұл болжам 2016 жылғы қарашадан бастап сақталуда.

Соңғы жылдары болаттың әлемдік нарықтағы жағдайы жақсарды. Өндіріс көлемі және сұраныс өсімі қалпына келіп жатыр. 2015 жылы белгіленген, тарихи минимумнан болат өнімдері бағасына оң тренд байқалды, бірақ осы трендтің тұрақтылығы жайлы айтуға әлі ерте, себебі олардың қысқару жылдамдығы төмен бола отырып, артық қуаттылық жоғары деңгейде қалып отыр, сондай-ақ саланың көптеген компаниялары үшін қаржылық жағдай  қалыпсыз болып отыр. 

2016 жылдың қорытындысы бойынша, әлемдік болат өндірісі 1,6 млрд. тоннаны құрады (2015 жылға қарай 0,8 % - ға өсті). Осы өсу, негізінен Қытай (808 млн. тонна, өсім 1,2 %) және Таяу Шығыс (өсім 7%) есебінен болып отыр. Ағымдағы жылы қаңтардың қорытындысы бойынша шақпақталмаған болат шығарудың, әлемдік өсу қарқыны байқалады (2016 жылы қаңтарда өсім 7%). Өткен жыл ішінде (жыл соңында көптеген елдерде ғана) болат өнімі сұранысына оң серпін байқалды.

Дүниежүзілік болат қауымдастығының болжамына сәйкес 2017-2018 жылдары сектордың қалпына келуі күтілуде, бұл басты негізде Қытайдан басқа дамыған елдердің өсу қарқынының күшеюінен және дамыған елдердің тұрақты өсуінен болмақ. Сұраныстың өсуі болмашы деңгейде күтілуде, ол қысқа мерзімді перспективада төмендеу ықтималдылығы бар, жалпы әлемдік 45% дейін құрайтын қытай сұранысымен айқындалады. Белгілі бір тәуекелдер оң болжамды нашарлатады. Қысқа мерзімді тәуекелдер сауда шектеулерінің өсуін, АҚШ және өзге елдердің сауда және салық саясаттарындағы орын алған белгісіздікті, мүдделілік деңгейіндегі белгісіздікті, валюта бағамдарының өзгеруін және Қытай үкіметі тарапынан алдағы уақыттағы экономикалық ынталандыруға қатысты анықтықтың жоқтығын қамтиды. Сала сонымен қатар, өсімді сақтап қалған күйде болатты қолдануды қысқартуға әкелетін заманауи ұлғаймалы цифрлау экономикасы және "жасыл" экономикаға көшу, халықтың қартаюы сияқты ұзақ мерзімді қатермен қақтығысады.

Артық қуаттылық проблемасын сақтай отырып, болат құю қуаттылығының өсімі жалғасуда

Жаңа активтердің іске қосылуына байланысты  әлемдік болат құю қуатының өсімі жалғасуда, 2016 жылдың қорытындысы бойынша жылына 32,4 млн. тонна ұлғайтуды құрады (2015 жылы 2357,3 млн. тоннадан -2389,7 млн. тоннаға дейін, өсім 1,4%).

Соңғы мәліметтерге қарағанда, 2017-2019 жылдары қолданыстағы қуаттарды шамамен 40 млн. тоннаға кеңейту жобалары іске асырылады. Сонымен қатар, жоспарлау кезеңінде 53,6 млн. тонна қосымша қуаттарды енгізу. Инвестицияға қатысты ақпараттардың жеткіліксіздігі және кейбір белгісіздіктермен қатар болат құю қуатының дамуы қарқынды жүруде. Дегенмен, Комитет мүшелері келіскен түрде, жалпы әлемдік болат құю қуатының өсімін, қайта өндіру проблемаларының тереңдеуін атап өтті.

Нарықтық қажаулар және теңгерімсіз құрылымы жалғасатын саудадағы өсіп келе жатқан қарбаластық 

Сауда шараларын қолдану өсіміне қарамастан, 2014 жылдан болат саудасы жалпы әлемдік экспорт 300 млн. тонна деңгейінде тұрақты қалады. Дегенмен, болат сауда деңгейі (орташа экспорт-импорт), соңғы екі жыл ішінде баяулайды: 2015 жылы - 1,6%, 2016 жылы - 1,5%, алдыңғы бес жылмен салыстырғанда орташа өсім 8,2%.

2016 жыл ішінде нарықтық емес сауда шараларын қолданудың артуына байланысты, түзету шараларын қолдану артады. 2016 жылы қолданылған, жергілікті қамту және айқын критериялар бойынша талап, квоталар, ең төменгі импорттық бағаны қоса алғанда, болат нарығына ықпал еткен, шектеу шаралары қатары. Комитет мүшелері адал сауданың жаһандық нарық үшін маңыздылығын, сондай-ақ болат нарығы еркіндігі және барынша ашықтықпен қамтамасыз ету қажеттілігін білдірді.

Комитет сонымен қатар, болат өнеркәсібі контекстінде қосымша құнның жаһандық тізбектері ролін талқылап, сауда және басқа да саясаттар туралы пікірталас, индустрияға әсер ететін, жаһандық тізбектерінің әдісімен жетектеу тиіс екенін атап өтті. Қатысушылыр, санымен бірге жаңғартуға және сапаға көбірек назар аудару мүмкіндігін беретін компаниялар шарттарын талқылады. Инновация сондай-ақ, қазіргі ахуал артық қуатылығынан келешектегі тиянақты құрылымға өтуіге ықпал етуі мүмкін.

Қазақстан, жоғары қайта бөлісу өнім өндірушілері сияқты (құбырлар, металл конструкциялары, металл бұйымдар) жартылай өнім және шикізатты (теміркенді концентрат, жалпақ илек, сұрыпты дайындау) жеткізуші ретінде қосымша құнның жаһандық тізбектерін құрудағы өз рөлін атап өтті.

«Жасыл» болат индустриясына өту сала үшін катерлі сын  болып қалады

Қоршаған ортаны қорғау және «жасыл» экономикаға көшу осы саланың ұзақ мерзімді шешуші сынақтарының бірі болып отыр. Комитетте болатты дамыту бойынша түрлі саяси және нарықтық құралдарды ындалантыру жұмыстары тақыланды.

ЭЫДҰ болат комитетінің келесі кезектегі отырысы жылдың 28-29 қыркүйегіне болжамдалған.

Анықтама ретінде:

ЭЫДҰ Болат комитеті болат өнеркәсібіне келіп соқтығысатын қауіп-қатерлерді бірлесіп еңсеру үшін, сондай-ақ болат өнімдері нарығының ашықтығы мен мөлдірлігін қамтамасыз ету үшін келісілген мемлекеттік саясаттарды жасау жөніндегі көптарапты бірегей форум болып табылады.

ЭЫДҰ болат Комитеті 25 мүше елдерден (Австрия, Бельгия, Канада, Чехия, Финляндия, Франция, Германия, Венгрия, Италия, Жапония, Корея, Люксембург, Мексика, Нидерланды, Польша, Португалия, Словакия, Словения, Испания, Швеция, Швейцария, Турция, Ұлыбритания, АҚШ, Еуропалық комиссия), 4 қауымдасқан мүшелер (Бразилия, Румыния, Ресей Федерациясы, Украина) және 6 қатысушы (Болгария, Египет, Үндістан, Малайзия, оңтүстік африка республикасы, Қытайлық Тайпэй) елдерден тұрады. Қытай болатты өндіру және тұтыну бойынша әлемдегі көшбасшы елдердің бірі болып шақырылған тарап ретінде қатысады.

 Сондай-ақ Комитет жұмысына әлемнің түпкір-түпкірінен ұлттық және өңірлік болат өндіру қауымдастықтары белсене қатысуда.

ЭЫДҰ болат комитетінің мүшелері және қауымдастырылған мүшелер әлемдік өндірістің 45% және әлемдік болат экспортының 75% қамтамасыз етуде, Қытайды қоса алғанда Комитет әлемдік өндіріс пен болат саудасының 95% құрайды.

Қазіргі  уақытта Комитеттің қарауында Қазақстан Республикасы қауымдастырылған мүшесіне дейінгі қатысушы мәртебесін көтеру туралы өтінімі жатыр. ЭЫДҰ Болат комитеті мүшелеріне металургиялық кәсіпорындардың әлемдік дағдарыс жағдайында және болат нарығында әділ бәсекелестікті дамыту бойынша қолдауларды күшейту, оның ішінде ДСҰ талаптарын ескере отырып, мемлекеттік қолдау және субсидиялау мәселелері бойынша шешім қабылдауға қатысуға мүмкіндік береді.