
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің бастамасымен 2017 жылдың 20 сәуірінде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің жұмыскерлерімен «Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларын Қазақстан Республикасына Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелу және Қазақстан Республикасынан осы елдерге әкету қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын және «Кеден одағы бірыңғай кеден аумағындағы бағалы металдармен және асыл тастармен операциялар жасау ерешеліктері туралы Келісім» жобасын талқылау бойынша селекторлық кеңес өткізілді.
Кеңеске Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, «Тау-Кен Самұрық» ЖШС, Қазақстан Республикасы Ұлттық банк уәкілдері қатысты.
Талқылау қорытындысы бойынша мынадай шешім қабылданды:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіне «Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларын Қазақстан Республикасына Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелу және Қазақстан Республикасынан осы елдерге әкету қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы және ЕЭО кеден аумағында бағалы металдар және асыл тастарменоперациялар жасауерекшеліктер туралы Келісім жобасы ұсыныстардыкелісімге жіберу.
2. Үш апта ішінде Келісім жобасы бойынша жалпы ұстанымды әзірлеп Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жіберу.
3.Ағымдағы жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкімен ЕЭО мемлекеттер арасындағы келіссөзде,осы мәселе бойынша әзірленген ұстанымды талқылау үшін кеңес ұйымдастыру.