
2017 жылы 26 сәуірде Астанада «Көрме» кешенінде Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша жыл сайынғы «KIOSH-2017» 7-ші Қазақстандық Халықаралық Конференция және Көрме ашылды. Шара Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күніне байланысты ұйымдастырылды.
Конференцияның екінші күні «Қазақстанның қауіпті өндірістік нысандарында қауіпсіздікті, соның ішінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету»; «Жұмыс орындарындағы персоналдың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ алғашқы көмек көрсетудің маңыздылығы» тақырыптарына арналған екі сессиядан құралды.
Бірінші сессияны модератор ретінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – Комитет)Қазандық, газ шаруашылығы нысандарын және көтергіш құрылыстарды мемлекеттік қадағалау басқармасының басшысы Владимир Мельник жүргізді.
Шараның бірінші сессиясында өнеркәсіптің жетекшілік ететін салалары бойынша Комитет мамандары баяндама жасады. Мәселен, Мұнай-газ өнеркәсібіндегі мемлекеттік қадағалау басқармасының басшысы Асқар Уразбағамбетов – «ҚР мұнай және газ өндіретін нысандардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайы туралы»; Атом энергиясын пайдалану нысандарын мемлекеттік қадағалау басқармасы басшысының м.а. Е.Елекеев – «Атом энергиясын пайдалану объектілеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету»; Тау-кен металлургия өнеркәсібіндегі мемлекеттік қадағалау басқармасының басшысы М.Қараторғаев – «ҚР таукен саласы кәсіпорындарындағы өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету»; Мұнай-химия, мұнай өңдеу өнеркәсібіндегі және магистральдық құбыр жолдарын мемлекеттік қадағалау басқармасының басшысы Н.Нұрғалиев – «Мұнай-химия, мұнай өңдеу өнеркәсібіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайы туралы»; Қазандық, газ шаруашылығы нысандарын және көтергіш құрылыстарды мемлекеттік қадағалау басқармасының басшысы В.Мельник – «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезіндегі апаттылықты талдау туралы» баяндама жасады.
