«Ақбидай-Терминал» АҚ–ның астық терминалында оқу жаттығуы өтті.

«Ақбидай-Терминал» АҚ–ның астық терминалында оқу жаттығуы өтті.

«Ақбидай-Терминал» АҚ-ның астық терминалында кәсіпорынның «Апаттарды жою жоспарына» сәйкес «Кемені тиеу кезінде кеме жүк көтергішінің шартты жануы» тақырыбы бойынша апатқа қарсы жаттығуы өтті. Жаттығуға ҚР Инвестициялар  және даму министрлігі Индустриялық даму және  өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің атом энергиясын, қазандық және газ шаруашылығын, көтергіш құрылғыларын пайдалану нысандарына мемлекеттік қадағалау жүргізу жөніндегі бөлім мамандары қатысты.

Жаттығу кезінде мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметінің, «Өрт сөндіруші» ЖШС апаттан-құтқару қызметі бөлімшелерінің шұғыл және күндізгі мамандарының іс-әрекеттері тексерілді. Апатқа қарсы жаттығулар кезінде мамандардың жағдайды тез талдап білуі, шешім қабылдауы және қауіпсіз уақыты шегінде оны жүзеге асыруы пысықталды.

Жаттығу аяқталғаннан кейін жүргізілген іс-әрекеттерге талдау жасалып, жаттығуға және қатысушыларға жеке баға берілді.