Өнеркәсіп кәсіпорындарында кешенді тексерулер жүргізіледі

Өнеркәсіп кәсіпорындарында кешенді тексерулер жүргізіледі

ҚР Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің  жұмыс жоспары мен қауіпті өндірістік нысандарды тексеру кестесіне сәйкес, Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаментпен бірлесе отырып, 2017 жылдың 10 мамырынан бастап Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында орналасқан «СКЗ-U» ЖШС-нің өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына кешенді тексеру жұмыстары жүргізілуде.

«СКЗ-U» ЖШС күкірт қышқыл зауыты Қызылорда облысының бірден-бір инновациялық-серпінді жобаларының бірі болып табылады. Жобалық қуаттылығы жылына 500 000 тонна немесе тәулігіне 1500 тоннаны құрайды. СКЗ-U» ЖШС-де өндірілетін күкірт қышқылының көп мөлшері «ҰАК «Қазатомпром» АҚ –ның уран өндіруші кәсіпорындарына қолданылады.    

«СКЗ-U» ЖШС-нің құрылтайшылары  «ҰАК «Қазатомпром» АҚ (Қазақстан-49%), «SAP-JAPAN CORPORATION» (Жапония-32%) «URANIUM ONE Inc.»  (Канада-19%) кәсіпорындары.

«СКЗ-U» ЖШС күкірт қышқылы өндірісінен басқа, электр энергиясын өндіру мақсатында қуаттылығы сағатына 18 МВт болатын электргенераторлық қондырғысын және қуаттылығы сағатына 420 КВт болатын күн сәулесі электр станциясын пайдаланады.

Техникалық қондырғыларды жеткізетін және құрылысқа мердігерлік ететін  Desmet Ballestra s.p.a (Италия) компаниясы. Электргенераторлық қондырғы «Союзкомплект» БК ЖШС-мен жасалған. Күкірт қышқылының шикізаты ретінде «Теңізшевройл» ЖШС-нен тасымалданатын гранулданған күкірт қолданылады.

«СКЗ-U» ЖШС-де қауіпті өндірістік факторлары өндіріс және күкірт қышқылын, күкіртті сақтау, жүккөтергіш машиналарды, қысыммен жұмыс жасайтын ыдыстарды пайдалану және бу мен ыстық су құбырөткізгіштері  болып табылады.