
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары болып Кенжалинов Арыстан Толеухадысұлы тағайындалды. 2010 жылы Солтүстік Вирджиния университетін "Іскерлік әкімшілік бакалавры" мамандығы бойынша, сондай-ақ 2017 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын жеке секторда бастаған. Кейін Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде, сондай-ақ "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-да жұмыс істеді. 2016-2019 жылдары "Даму" Кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ өңірлік филиалдарында директордың орынбасары, директоры болды. Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалғанға дейін Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.