Химия саласында 2021-2023 жылдарға арналған салалық келісім жасалды

Химия саласында 2021-2023 жылдарға арналған салалық келісім жасалды

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, «Қазақстан Республикасының химиктер одағы» ЗТБ және «Химия, мұнай – химия және өнеркәсіптің туыстас салалары жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі арасында Қазақстан Республикасының химия саласында 2021-2023 жылдарға арналған салалық келісімге қол қойылды.

Аталмыш салалық келісім Қазақстан Республикасының Конституциясына, Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық еңбек ұйымының Конвенцияларына сәйкес әлеуметтік әріптестік шеңберінде химия саласы ұйымдарын тұрақты дамыту мақсатында жасалды.

Өз кезегінде келісім тараптардың химия саласы кәсіпорындарының қызметкерлері үшін еңбек жағдайларын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі міндеттемелерін қамтиды. Тараптар саланың барлық деңгейлерінде әлеуметтік әріптестік қағидаттарын одан әрі дамытуды және жетілдіруді қамтамасыз етуге міндеттенеді.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 151-бабына сәйкес Салалық келісім Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің  хабарламалық тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 62 тіркелді.