
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес «Тау – кен металлургия өнеркәсібі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі бұйрығының жобасын (бұдан әрі-бұйрық жобасы) әзірледі.
Бұйрықтың жобасын қабылдаудың мақсаты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасына сәйкес келтіру болып табылады.